Ұлттық арнада - «Қасым» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - «Қасым»

09.05.2015
Ұлттық арнада - «Қасым»

«Қасым» фильмінің сюжеті бойынша майдан шебіне барлаушы Қайсенов диверсанттар тобын басқарып барады. Бірақ, оның барлық сарбаздары сатқындықтың кесірінен фашистердің қолынан опат болады.

Жау шебінде жалғыз қалған Қасым өзіне берілген тапсырманы орындап, жаудың қару-жарақ қоймасын жоюы керек. Соғыс уақытындағы қым-қиғаш сәттер. сатқындық, күдік, қорқынышқа қарамай, жергілікті халық Қасымға көмекке келеді.

Картинада басты рөлді Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Қуандық Қыстықбаев сомдаған. Сондай-ақ, фильмге Владимир Гостюхин, Александр Лыков, Мария Луговая, Михаил Евланов, Александр Петров секілді актерлер түсті.

Хабарламаларға жазылу