Ұлттық арнада – «Ағайынды» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Ағайынды»

08.07.2014
Ұлттық арнада – «Ағайынды»

 

Режиссер Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясы 2008-2009 жылдары жарыққа шыққан болатын. Фильм ауылда туып-өскен, есейе келе тағдырлары үшайрық жолға түскен үш ағайынды туралы.

Ағайындылардың үлкені  Шыңғыс  университетті тәмамдаған соң, қалаға бизнеспен айналысуға аттанады. Екінші ұл Қуаныш күреспен айналысып жүріп, заңғы қарсы жолға түседі. Ал үйдің кенжесі  Бақыт әскери борышын өтеп келген соң, ауылға келіп, шаруашылыққа көмектесуді жоспарлайды.

Телехикаяда басты рөлдерді танымал актерлер Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов, Әнуар Нұрпейісов сомдаған.

Үш ағайындының басынан өткерген түрлі оқиғаларды Ұлттық арнамен бірге дүйсенбі-жұма аралығында сағат  19.25-те тамашалаңыз.

 

Хабарламаларға жазылу