Күзде сапарға шығуға ыңғайлы 50 қала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күзде сапарға шығуға ыңғайлы 50 қала

03.10.2014
Күзде сапарға шығуға ыңғайлы 50 қала

Күзде сапарға шығуға  ыңғайлы 50 қала тізімі анықталды. Мұнда жол шығыны бір адамға мына санат бойынша есептелген.

  • Қала орталығынан бес шақырым жердегі екі немесе үш жұлдызды қонақүйде тұру;
  • Арзан кафеден кешенді тамақтану;
  • Қалаға саяхат жасау;
  • Бір күнге арналған транспоттық карта;
  • Қаладағы ең атақты музей билеті;
  • Әуежайдан қала орталығына дейінгі қоғамдық көлік ақысы.

Бұл тізімді алғаш тұрған – Минск қаласы. Мұнда саяхаттау үшін небәрі 40 еуро кетеді екен.  Одан кейін 4 еуроға қымбат Санкт-Петербург қаласы тұр. Ал, ең арзан он қаланы 53 еуромен Рига қаласы аяқтайды.

Саяхаттауға 100 еуродан кем қаражат кететін қалалар қатарында Прага, Любляна, Валетта, Лиссабон, Афины, Валенсия, Стамбул, Лион, Дюссельдорф, Берлин, Дублин, Вена, Барселона және Брюссель бар.

Ал,  100-130 еуроға саяхат жасауға мүмкін болатын қалалар қатарында  Мадрид, Кельн, Эдинбург, Страсбург, Берн, Флоренция, Милан, Женева, Амстердам, Мюнхен, Ливерпуль, Манчестер, Рим, Хельсинки, Копенгаген, Цюрих, Ницца және Париж тұр.

Сарапшылардың есебінше, қараша айында Еуропаның Стокгольм (134 еуро), Лондон (150 еуро) және Венеция (153 еуро) қалалары ең қымбат шаһарлар санатында.

Хабарламаларға жазылу