Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры гастрольдік сапармен Минскке кетті, деп хабарлады облыстық Мәдениет басқармасынан.
«Театр труппасы толық құраммен гастрольдік сапармен Минскке кетті. Беларусь мемлекеттік академиялық музыкалық театрының сахнасында қарағандылықтар 11 қойылым қояды», - деп мәлімдеді басқармадан.
Аталмыш театрлар ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан. Гастрольдік сапар сол құжат аясында ұйымдастырылып отыр.
«Беларусь елінің көрермендеріне оперетта мен мюзикл жанрындағы Қазақстан өнерін абыроймен көрсетеміз деп ойлаймын», - деді Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының директоры Амантай Ибраев.
ҚазАқпарат