Әнші Бағдат Сәмединова – ерекше табиғи әсем дауысты, асқан өнеріне халқы қол соғып жүрген талант.
Жастайынан әнші болуды армандаған даланың қызы: «Бала кезімде мен не әнші, не мұғалім болып ойнайтынмын. Қора тазалап жүрсем де, бақшада жұмыс істеп жүрсем де, мал бағып жүрсем де, әнімді үзбейтінмін»,- деп еске алады.
Шығармашылығындағы жаңалықтармен әнші ертең «Таңшолпан» бағдарламасында бөліспек. Таңғы бағдарламаны сағат 07.00-10.00 аралығында Ұлттық арнадан көре аласыздар.
Сондай-ақ, бағдарламаға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Сақ қонаққа келеді.