Бағдат Сәмединованың «Дара жолы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдат Сәмединованың «Дара жолы»

13.02.2016
Бағдат Сәмединованың «Дара жолы»

Бағдат Сәмединова – 1954 жылы 5 ақпанда Жамбыл облысының Меркі ауданында дүниеге келген. Алматыдағы эстрада студиясын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі.

Бағдат Сәмединова республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Бішкек қаласында өткен А.Малдыбаев атындағы халықаралық өнер жарысының жеңімпазы атанған.

«Сазген» ансамблінің құрамында Италияда өткен фольклорлық фестивальдің Гран-При жүлдесін жеңіп алған. Әнші  концерттік бағдарламамен әлемнің көптеген елдерінде болды.Түрлі медальдармен, «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

Әнші өнерге қалай келді? Жолында кездескен қиындықтарды қалай еңсерді? Әншінің ет жақындары мен жора-жолдастарының, өнердегі әріптестерінің  сұхбатын бүгін 21:00-де Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу