Қасиетті Құрбан айт мерекесін Алматы халқы ерекше атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасиетті Құрбан айт мерекесін Алматы халқы ерекше атап өтуде

04.10.2014
Қасиетті Құрбан айт мерекесін Алматы халқы ерекше атап өтуде

Биылғы айт мерекесі Алматыда қазақи болмыста өтті. Әдеттегідей айт намаз оқып, құрбандық шалумен шектелмей, ерекше мерекелік көңіл-күй орнады.

Орталық мешітте айт намазы оқылып біткен соң жамағатқа Алла үйінің 4 қақпасының аузында ыстық бауырсақ пен құрт үлестірілді. Шарлар таратылып, қала мешіттерінің ауласына киіз үйлер тігілді.

Дастархан жайылып, зағиптар мен мүгедектер, жалпы жамағат астан дәм татты. Бірі қой, бірі ірі қара әкеліп, құрбандық шалды.

Құрбандық шалуға ниет білдірушілер Алматыда жыл санап өсіп келеді. Осыны ескерген шаһар басшылығы биыл қаланың 13 мешіті мен Әуезов пен Наурызбай аудандарында арнайы құрбан шалу орындарын бекітті.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу