Қыркүйек айында елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейі 20321 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі негізгі тұтынылатын азық-түліктің ең төменгі нормасымен есептелінеді.
2014 жылдың қыркүйегінде ол өткен аймен салыстырғанда 2 пайызға кеміп, 2013 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 8,1 пайызға өскен.