Түркістан облысында кедейлер саны 13%-ға артқан

25.09.2020
Түркістан облысында кедейлер саны 13%-ға артқан

Биыл екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс шегінен аз тұрғындар үлесі үлесі 5,7%-ға дейін өсті (бір жыл бұрын - 4,3%), бұл - 2011 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Елдегі экономикалық белсенділіктің төмендеуіне карантин әсер еткен. Еске салайық,  2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32,6 мың теңгені құрады.

Жалпы, табысы күнкөріс деңгейінен төмен халық саны 1,1 млн адамды құрады. Қала мен ауылдық жерлерде көрсеткіштер бойынша айтарлықтай айырмашылық бар. Кедейлер саны ауылда 7,8% болса, қалада 4,2%-ды құрайды.

Биыл екінші тоқсанында кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістанда (12,8%), Солтүстік Қазақстанда (7,4%), Жамбылда (6,9%), Қызылордада (6,9%) және Ақмола облысында (6,7) тіркелді. Жалпы алғанда, осы бес аймақта кірісі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар 481,8 мың адамды құрады.

Кедейліктің ең төменгі деңгейі елордада (1,4%), сондай-ақ Қарағанды (2,4%) және Атырау облыстарында (3,1%) тіркелді.

Дереккөз: Finprom.kz

Хабарламаларға жазылу