Қазақстанда 50 мың теңгеге күн көріп жүргендер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 50 мың теңгеге күн көріп жүргендер бар

31.07.2023

Қазақстанда 50 мың теңгеге күн көріп жүргендер бар. Ең төменгі күнкөріс деңгейі бұл айда 49 451 теңге деп бекітілді. Ал өткен айда бұл көрсеткіш 168 теңгеге көп болған.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, ең төменгі күнкөріс деңгейі әр өңірде әртүрлі. Ең жоғарғы көрсеткіш – Маңғыстау облысында. 62 212 теңге. Былтыр ол 50 мың теңгені көрсеткен. Одан кейін Астана, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қалалары тұр. Ал ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарына тіркеліп отыр.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу