Джошуа Белл Вашингтон метросында концерт өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джошуа Белл Вашингтон метросында концерт өткізді

01.10.2014
Джошуа Белл Вашингтон метросында концерт өткізді

Әйгілі америкалық скипкашы Джошуа Белл Вашингтонның Union Station метро станциясында концерт өткізді. Мақсат – қарапайым халықты музыкаға баулу.

«Музыка – әрбір жанның өмірінің бір бөлшегі. Ол бізді жақсарта түседі», - дейді скрипкашы.

30 минуттық концертте Беллдің «Бах» атты жаңа альбомы да таныстырылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Айта кетейік, Джошуа Белл 4 жасынан бастап музыкаға әуес болған. 14 жасында Филадельфия окрестірінде өнер көрсеткен ол  Эвер Фишер, Grammy жүлделерінің иегері. Бұған дейін оның 35 альбомы жарық көрген.

 

Фото: stradivari.livejournal.com

Хабарламаларға жазылу