Геннадий Головкин 2017 жылдың үздік боксшысы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин 2017 жылдың үздік боксшысы атанды

03.01.2018

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы жүргізген сауалнаманың нәтижесі осындай. Сауалнамаға қатысқан бес мыңға жуық жанкүйердің тең жартысы Головкинге дауыс берсе, Теренс Кроуфорд пен Энтони Джошуа 25 пайыздан қолдауға ие болды. Үшеуі де спорттық ғұмырында жеңіліп көрмеген мықтылар. Кроуфорд 23, Джошуа 20 рет рингке шықса, отандасымыз 37 жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана тең түскен.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу