Қазақстанда теңізшілерге куәлік берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда теңізшілерге куәлік берілмек

30.09.2014
Қазақстанда теңізшілерге куәлік берілмек

Қазақстанда теңізшілер куәлігін беру 2015 жылдан басталады, деді ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев «Су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.

«Теңізшінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы №185 конвенцияны жүзеге асыру мақсатында сәйкес құрылғы, бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынып, мәліметтер базасы құрылады», - деп  айтты Әсет Асаубаев.

Оның сөзіне қарағанда, теңізшілерге куәлік дайындап, оны беру жүйесін құру үшін Ресей порттарында осындай іспен айналысатын компания тартылды.

«Куәліктер келесі жылдың басынан бастап беріледі деп ұйғарылып отыр», - деп қорытындылады Көлік комитетінің төрағасы.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу