Қазақстанда жеке куәлік пен паспортты беруді жеделдетудің жаңа қызметі іске қосылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жеке куәлік пен паспортты беруді жеделдетудің жаңа қызметі іске қосылмақ

26.07.2018

Енді Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында құжаттарды бір күнде алуға болады. Бұрын ең кемі 3 күн қажет болатын. Шілденің 23-і күні Үкімет тиісті ережелерге өзгерістер енгізіп, қаулы қабылдады. Тамыздың екісінен бастап ол күшіне енеді.  Төлқұжатты бір күнде алу үшін мемлекеттік баж салымына қоса 4983 теңге төлеу қажет.  Осылайша, бұл қызметті қағаздарын шұғыл рәсімдегісі келген кез келген азамат қолдана алады. Ал, еліміздің басқа өңірлерінде сәл ұзағырақ күтуге тура келеді. Облыс орталықтарында үш жұмыс күнге дейін, ал, аудандар мен облыс қалаларында жеті жұмыс күніне дейін.

Азамат Бектұрсынов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласы, Сарыарқа ауданы бойынша басшысы:

- Мемлекеттік баж салығы жеке куәлік үшін 489 теңге ал, паспорт үшін 19875 теңге. Одан бөлек, 4983 теңгені төлеп жедел алып кетуге болады. Ал, егер күтеміз десеңіз,15 күн ішінде алып кетуге болады.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу