Қазақтың маңдайына біткен қос жұлдыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың маңдайына біткен қос жұлдыз

30.09.2014
Қазақтың маңдайына біткен қос жұлдыз

Нұрсұлу Тапалова – қазақтың дарқан даласындай кеңдiгi мен қазақ қызының бүкiл болмысы, сұлулығы тал бойынан табылатын жан еді.

Болат Аюханов «Менің балетім» деген кітабында: «Нұрсұлу – бисіз өмірін елестете алмайтын нәзік жан. Ол атақты Галина Улановнамен «Бақшасарай бұрқағында» Зареманың рөлін ойнады. Нұрсұлу Зареманы классикалық дайындықсыз биледі. Алайда, оның Заремасы нағыз шығыстың аруы болып шықты!

Оның биін көріп отырып биге елітіп кетпеу, ғажайып сұлу биіне қарай отырып, оның тартымды әсеріне ерекше бой алдырмау мүмкін емес-тін. Нұрсұлу Тапалова дәстүрлі классикалық би өнерінің толып жатқан қым-қуыт қиындығын орасан зор ерекше күшімен жеңе білді.

Ол қиындығы мол ерекше тәсілдерді бейнелер арқылы сомдап, олардың нәзік сезімдерін көрерменге айрықша жеткізе білді. Бұл биші нағыз ұлтының бағына жаралған», - деп жазады.

Шоқыр Бөлтекұлы – Қазақстанда бокс спортының негізін қалаушылардың бірі. XX ғасырдың 30-жылдарының басында Алматыда бокспен айналысуды бастап, алғашқы секциялардың бірін басқарған, тұңғыш спорт шебері.

Ол  республикада 800-ден астам боксшы әзірледі. Е.Хасанов, А.Үсенов, Н.Титов, Махмұт Омаров, Х.Ахметов, А.Кадатов сынды шәкірттерінің шеберлігі республикадан тыс жерлерге мәлім болды. Шоқыр Бөлтекұлы республикада жаттықтырушылар қатарының көбеюіне де үлкен үлес қосты.

Бөлтекұлы рингте 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен, 3 рет Қазақстанның чемпионы атанған.

«Айтуға оңайдың» бүгінгі саны  қазақтың маңдайына біткен тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапалова мен боксшы, өмірлік серігі болған Шоқыр Бөлтековтің  тағдырына арналады.

Ұлттық арнадан сағат 21.05-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу