Елордада «Үздік жүргізуші-2014» байқауы өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Үздік жүргізуші-2014» байқауы өткізілді

30.09.2014
Елордада «Үздік жүргізуші-2014» байқауы өткізілді

Бүгін өрт сөндіру көліктері жүргізушілерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Үздік жүргізуші-2014» байқауы өткізілді. Бұл туралы Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қарауылдың үздік жүргізушілері анықталды. Екінші кезеңде қатысушылар жылдамдық бойынша жарысты. Жүргізушілер кедергілерден өтіп, түрлі маневр орындады.

Жеңімпаздар жарыс кезеңдері бойынша анықталды. Жылдамдықта маневр жасау бойынша жеке есепте ӨБ-4 жүргізушісі, өртке қарсы қызмет прапорщигі Ж.Ж.Иманбаев үздік нәтиже көрсетсе, МӨБ-3 жүргізушісі, өртке қарсы қызмет прапорщигі С.А.Қаналиев екінші, ӨБ-6 жүргізушісі, өртке қарсы қызмет прапорщигі Р.А.Ибраев үшінші орын алды. 

Хабарламаларға жазылу