Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кабинет ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кабинет ашылды

30.09.2014
Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кабинет ашылды

Елордада Астана қаласы әкімдігі және «Дара» қорының қолдауымен №71 мектепте көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық көмек кабинеті ашылды, деп хабарлайды astana.gov.kz. сайты.

Арнайы жабдықталған кабинетті ашудағы мақсат – көру қабілеті нашарлаған және дамуы шектелген балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды ескере отырып, кешенді көмек пен әлеуметтік-бейімдеу және оқыту үшін ашылған.

Астана бойынша көзі көрмейтін балалардың саны 20-дан асып отыр. Сондай-ақ, көз ақауы бар 90-ға жуық бала мемлекеттік тіркеуде тұр.

«Қазіргі уақытта орталықта 40-тан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Үш айға созылатын жаттықтыру жұмыстарынан соң, қабілетін тексеру тестілеуінен өткен тәрбиеленушілерді шығарып, орнына кезекте тұрған балаларды қабылдаймыз», -дейді кабинет меңгерушісі Айгерім Алмолдаева. 

Хабарламаларға жазылу