Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

06.06.2019

Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі және дамуында кемістігі бар балаларға арналған коррекциялық орталық ашылды. Онда логопед, психолог, дефектолог, дене шынықтыру мамандары жеткіншектерге тегін көмек көрсетеді. Одан бөлек монтессори әдісімен балаларды жақсы дағдыға үйретіп, адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға, олардың өмірге деген құштарлығын оятуға болады. Ең бастысы, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды емдеу мүмкіндігі бар.

Тифло және сурдоаударма құралдарын пайдалану да тегін. Қазір Екібастұзда 1300 бала осындай орталықтарға баруға мәжбүр. Мұхаммед Дүйсенбай алғыр әрі зерек бала. Бірақ тілінде мүкістік бар. Ақылы логопед көмектесе алмады. Жаңа орталық ашылғаннан бері ата-анасының ауырпалығы біраз жеңілдеп қалды.

Айман Алпысова, Мұхаммедтің әжесі:

- Бала қатты сөйлей алмайтын тұтығып. Сосын осы орталыққа келіп, жақсы болдық. Ақырын-ақырын шұғылданып, баламен шұғылдану әдістері барлығы бізге жақсы ұнады. Үйде сол жаттығуларды қайталаймыз. Осы орталықтан жақсы болдық біз.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу