Бұл туралы Павлодар қалалық №2 қылмыстық соты тергеу секторының меңгерушісі Бибігүл Сәбитденоваға сілтеме жасап, pavlodarnews.kz хабарлайды.
«1989 жылы туған Жамбыл Мұхантаев үш адамның өмірін қиды деп айыпталды. Сонымен қатар, ол «Жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету» бабы бойынша да айыпталды. Сот шешімі бойынша 25 жастағы Жамбыл екі айға абақтыға қамалды», - дейді Б. Сәбитденова.
Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол уақытша қамау абақтысынан тергеу изоляторына ауыстырылған.
Айта кетейік, оқиға 2014 жылдың 24-ші қыркүйегінде болған. «Toyota Land Cruiser 100» марскалы көлік үш адамда қағып кеткен. Сараптама нәтижесінде көлік жүргізушісі мас күйінде болғаны анықталды. Өңірдегі ІІД мамандарының айтуынша, тергеу жалғасын табуда, әзірге іс сотқа бағытталған жоқ.