Хосеп Гвардиола: Матчтың жанкүйерсіз өтуі - түсініксіз әрі күлкілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хосеп Гвардиола: Матчтың жанкүйерсіз өтуі - түсініксіз әрі күлкілі

29.09.2014
Хосеп Гвардиола: Матчтың жанкүйерсіз өтуі - түсініксіз әрі күлкілі

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде мюнхендік «Бавария» «ЦСКА Мәскеу» командасымен кездеседі. Матч жанкүйерлерсіз өтпек.

 «Бұл менің жанкүйерлерсіз өткен бірінші әрі соңғы матчым болмақ. Бұл түсініксіз әрі күлкілі. Әдетте, стадион толы аренада ойнап үйреніп қалғанбыз. Бұл жолы басқа жағдайда ойнауға тура келіп тұр», - дейді «Баварияның» бас бапкері Хосеп Гвардиола.

Айта кетейік, бірінші айналымда «ЦСКА Мәскеу» италиялық «Рома» командасынан ұтылса, «Бавария» «Манчестер Ситиді» жеңген болатын.

«ЦСКА Мәскеу» мен «Бавария» ертең кездеседі.

Еске сала кетейік, өткен маусымда ЦСКА жанкүйерлері сырт алаңда «Виктория Пльзень» командасымен өткізген ойында көрсеткен тәртіпсіздігі үшін жазаланған. 

 

Фото: EPA/MARC MUELLER

Хабарламаларға жазылу