Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі

10.06.2022

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА ұлттар лигасы аясында С тобында үшінші кездесуін өткізеді. Қарсылас команда - Беларусь құрамасы.

Индира Бектенова, тілші:

Караджордже стадионындамын. Бұл спорттық нысан 15000 мыңға жуық көрерменге арналған. Бірақ айта кетейік бүгінгі ойын жанкүйерсіз өтпек. Қазақстан құрамасына келетін болсақ. Команда алдағы ойынға сақадай-сай. Кеше қазақстандық ойыншылар өзінің ашық жаттығуын Белград қаласында өткізсе, қарсылас команда матч өтетін, яғни Белградтан 100 шақырымға жуық жерде орналасқан Нови Садта жаттықты. Әзірге қоржынында 6 ұпай бар Қазақстан құрамасы өзінің тобында жеке дара топ бастап келеді. Бірақ екі ойынның қорытындысы бойынша Магомед Адиев шәкірттерінің еншісінде 9 сары қағаз бар екенін ұмытпауымыз жөн. Өйткені УЕФА ұлттар лигасының ережесіне сәйкес екі сары қағаз иелік еткен футболшы дисквалификацияға ұшырайды. Тағы бір айта кететін жәйт, екі құраманың бұған дейін өткен кездесідесулеріне көз-жүгіртсек Қазақстан құрамасы бірде бір рет жеңіске жетпеген екен. Бұл статистика бүгін отандастарымыздың пайдасына өзгеріп, қазақстандықтардың жеңісті жолы Сербияда да жалғасады деп сенеміз. Бас бапкердің айтуы бойынша бүгінгі ойында да Исламбек Қуат капитан қызметін атқармақ. Аса тартысты әрі қызықты болатын кездесуді жанкүйерлер бүгін Qazsport телеарнасынан 00:35 те тікелей эфирде тамашалай алады.


Хабарламаларға жазылу