Астанада Қазақстандағы журналистер кәсіподағының даму мүмкіндіктеріне қатысты семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстандағы журналистер кәсіподағының даму мүмкіндіктеріне қатысты семинар өтті

29.09.2014
Астанада Қазақстандағы журналистер кәсіподағының даму мүмкіндіктеріне қатысты семинар өтті

Астанада «Құқықтық медиа орталық» VIKES медиа-даму фин орталығымен бірлесіп, журналистерге арналған кәсіподақтық қозғалыс және оның даму негіздеріне бағытталған ақпараттық семинар өткізді.

Семинарда сөз сөйлеген спикерлер қатарында Әзірбайжан Журналистер кәсіподағының бұрынғы төрағасы, Әзірбайжан Баспасөз кеңесі басқармасының мүшесі Азер Хасрет, VIKES журналисі, аға кеңесшісі Ярмо Копонен бар. Сондай-ақ, «Құқықтық медиа орталықтың» директоры Диана Окремова, медиа-заңгер Гүлмира Біржанова қатысты.

Шараны өткізудегі негізгі мақсат – алдымен осы саладағы қызметкерлердің басын біріктіріп, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы түрлі мәселелні шешу.  

Семинарда қозғалған  негізгі тақырыптар – шет мемлекеттердегі журналистер кәсіподағының құрылу тәжірибесі, пайда, мәселелер мен кедергілер, еңбек құқығы туралы ұлттық заңнаманың аспектілері, Қазақстандағы журналистер кәсіподақтарының даму мүмкіндіктері.

Хабарламаларға жазылу