Астанада «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды алқаптарын ұлғайту» жобасы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды алқаптарын ұлғайту» жобасы қорытындыланды

25.06.2015
Астанада «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды алқаптарын ұлғайту» жобасы қорытындыланды

Бүгін Астанада «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды алқаптарын ұлғайту» туралы жобаны қорытындылау аясында халықаралық семинар өтті.

Шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Гомель қаласындағы «Беларусь Ұлттық ғылыми академиясы орман институты», Ташкенттегі Республикалық сәнді бақтар және орман шаруашылығы  ғылыми-өндірістік орталығы, Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік орман техникасы университетінің ғалымдары және жоба үйлестірушілері қатысты.

Жиында Қазақстандағы орман шаруашылығының дамуы, ормандарды қайта қалпына келтіруге арналған жаңа технологиялар, өртке қарсы орман  күзеті және тағы да басқа тақырыптар талқыланды.

Айта кетейік, жоба аясында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының қарағайлы ормандарын,  Қызылорда облысының сексеуілді алқаптары мен Арал теңізінің құрғап қалған табанында кешенді жұмыстар жүргізілген.  

Хабарламаларға жазылу