Журналистерге арналған семинар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистерге арналған семинар өтеді

16.09.2014
Журналистерге арналған семинар өтеді

29, 30 қыркүйек және 1 қазан күндері «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қоры финдік «VIKES» медиа-даму қорымен бірлесіп, журналистерге арналған ақпараттық семинар өткізеді.

Семинар кәсіподақ қозғалысын құру және оның дамуына бағытталған. Спикерлер ретінде шетелдік мамандар шақырылған. Олардың қатарында Грузия тәуелсіз журналистері қауымдастығының президенті Звиад Почхуа, «VIKES» журналисі, аға кеңесші Ярмо Копонен бар.

Семинардың негізгі тақырыптары – шет мемлекеттерде журналистердің  кәсіподағын құру тәжірибесі, тиімділігі, проблемалары мен кедергілері, еңбек құқығы жөніндегі ұлттық заңнаманың аспектілері, Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының мүмкіндіктері мен дамуы.

Шараға  БАҚ өкілдері, профильді факультеттердің студенттері қатыса алады.

Семинарлар 29 қыркүйек күні Астанада, 30 қыркүйекте Көкшетау қаласында, ал 1 қазан күні Қостанайда өтеді. Өтініштер 26 қыркүйекке дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу