Талдықорғанда 220 жанұя қоныс тойын тойлады. Пәтер иелерін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен облыс орталығының әкімі Ермек Алпысов арнайы құттықтады.
Оңтүстік-батыс тұрғын үй ауданында орналасқан пәтерлердің үшеуі 60 пәтерлі және біреуі 40 пәтерлі 4 үйдің құрылысы өткен жылы басталған.
Қолданысқа берілген үйлер жалға берілетін баспана болып есептеледі, екі үйдің пәтерлері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесінің қатысушыларына тиесілі.
Сондай-ақ, алдағы уақытта жаңа тұрғын алабының аумағында 9 балабақша, 5 мектеп, Оқушылар сарайы, Жастар үйі, ХҚКО, 500 науқасты қабылдай алатын емхана салу да жоспарда бар.