Ұлттық арнада – «Армандастар» фильмі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Армандастар» фильмі

26.09.2014
Ұлттық арнада – «Армандастар» фильмі

Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы жүлдегерлерінің өмірін арқау еткен, шынайы оқиғалар желісіне құрылған фильм.

Фильмде әлемнің алдыңғы қатарлы университеттеріне оқуға түскен жас қазақстандықтардың тағдыры суреттеледі. Әр кейіпкердің арман-тілегі асқақ. Мақсат қоя білгендер сол жолда көздегендеріне жетеді.

Әділ Ахметов, Елдар Отарбаев, Мәрлен Жұмақов сынды талантты жас актерлердің қатысуымен «Армандастар» отбасылық фильмін көріңіз.

Бүгін Ұлттық арнада 00.35-те.

Хабарламаларға жазылу