М.Әуезов театры «Жаңа көзқарас» атты бірлескен жобалар байқауын жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов театры «Жаңа көзқарас» атты бірлескен жобалар байқауын жариялайды

26.09.2014
М.Әуезов театры «Жаңа көзқарас» атты бірлескен жобалар байқауын жариялайды

М. Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық драма театры шығармашылық топтар үшін Республикалық «Жаңа көзқарас» атты бірлескен жобалар байқауын жариялайды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Байқаудың мақсаты - жаңа Қазақстанға сай жаңа идеяларды сахнаға шығарып, уақыт пен қоғамға, дүниеге жаңаша көзқарас, жаңа көркемдік ізденістер көрініс беретін қойылымдарды қолдау. Сондай-ақ, талантты режиссер, актерлер, суретші, композитор, хореографтар, т.б. топтардың бірлескен идеяларын жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуеттерін барынша танытуға мүмкіндік беру.


Байқау 2 кезеңнен тұрады. Алғашқысы спектакль жобаларын ұсыну  2014 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін, ал екінші кезең таңдалып алынған жобаларды қорғау 2014 жылдың 1-10 желтоқсан аралығында өткізіледі. 

Байқау қорытындысы 2014 жылдың 16 желтоқсанында жарияланады.

Сондай-ақ, ең үздік деп танылған жоба бойынша спектакль қою ұсынылады және жоба көркем жүзеге асса, фестивальдарға қатысу мүмкіндіктері қарастырылады.

 

Хабарламаларға жазылу