Ертең Қазақ радиосында «Астана-Мәскеу» радиокөпірі өтеді. Радиокөпір – Қазақ радиосы мен Радио Россияның бірлескен жобасы. Тақырыбы: «Еуразиялық кеңістік үшін болашақ сценарий: экономика, қауіпсіздік, гуманитарлық өріс».
Қыркүйекте Қазақстан, Беларусь және Ресей Парламенті Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы келісімшартты қарайды. ЕАЭО құрылғаннан кейін үш елдің азаматтарының өмірінде не өзгереді? Жобаға қатысушы мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастық құру ықтималдығы қандай? Радиокөпірде осы мәселелер талқыланбақ.
Бағдарламаға Астана студиясынан Тауар өндірушілер мен сарапшылар одағының президенті Николай Радостовец және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев қатысады. Ал, Мәскеу студиясынан қоғамдық-саяси зерттеу орталығының директоры Владимир Евсеев және ЕАЭО институтының директоры Владимир Лепехин қатыспақ.
Жүргізушілер – Руслан Мелекша (Қазақ радиосы) мен Игорь Грымза (Радио Россия).