«Дала дауысы»: «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлердің алғашқы бестігі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы»: «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлердің алғашқы бестігі анықталды

25.09.2014
«Дала дауысы»: «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлердің алғашқы бестігі анықталды

Қазақ радиосының төл жобасы – «Дала дауысы» халықаралық редиофестиваліне «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлердің алғашқы бестігі анықталды. Олар: Күнсұлу Түрікпенова («Қадірле ата-анаңды тірісінде»), Гүлмарс Аманбаева («Қамшыгер»), Қайрат Кәкімов («Үлкен айдай»), Ақмарал Ноғайбаева («Нартайдың нақыл сөзімен»), Ардақ Исатаева («Інжу-маржан»).

Айта кетейік, додаға қатысушыларға www.daladauysy.kaztrk.kz cайты арқылы дауыс беруге болады. Бұл аталым бойынша дауыс беру 2 қазанда аяқталады.

Кіл жүйрікте кім жүйрік? Үздік орындаушыларға дауыс беріңіздер!

Хабарламаларға жазылу