Бүгіннен бастап «Томпақ» телехикаясының жаңа маусымы эфирге шығады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап «Томпақ» телехикаясының жаңа маусымы эфирге шығады (ВИДЕО)

25.09.2014
Бүгіннен бастап «Томпақ» телехикаясының жаңа маусымы эфирге шығады (ВИДЕО)

Бүгіннен бастап «Томпақ» телехикаясының жаңа маусымы эфирге шығады.  

Балаларға арналған телехикаяның желісі бойынша, бір ауылда тұратын кішкентай үш бала түнде көршінің алма бағына ұрлыққа түседі. 2-сыныпта оқитын балалар қашамыз деп, өздерінің қалай ауыл сыртына шығып кеткенін байқамай қалады. 

Кенет олар аспаннан бір жарық сәуленің жерге қарай зымырап келе жатқанын көреді де, сол жақа қарай жүгіреді. Қирап жатқан ұшатын табақшаны көргенде балалардың естері шығып кетеді. 

Сол маңда ес-түссіз жатқан, түрі адамнан мүлдем басқаша өзге ғаламшарлықты тауып алады. Үш дос түнде оны өздерімен бірге үйлеріне алып кетеді. 
Балалар оған Томпақ деп ат қояды. Өзге ғаламшарлық есін жиған соң, үш достың өмірінде адам сенгісіз ғажап оқиғалар басталады.  Алайда табақшасын жөндеген соң, Томпақ өз үйіне қайтып кетеді.

Телехикаяның жаңа маусымы қызықтарға толы болмақ. Томпақ Жерге орала ма? Әлде ауыл балалары өзге ғаламшарлықпен байланыс орната ма? Мұны телехикаяның жалғасынан көріңіздер.

«Томпақ: Оралуы» телехикаясының 1-бөлімі бүгін, сағат 14:25-те эфирге шығады. 

Хабарламаларға жазылу