ҚР Қорғаныс министрлігі Су-27 ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Қорғаныс министрлігі Су-27 ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты

24.09.2014
ҚР Қорғаныс министрлігі Су-27 ұшағын пайдалануды уақытша тоқтатты

ҚР Қорғаныс министрлігі орын алған апатқа байланысты Су-27 ұшағын пайдалануды тоқтата тұрады. Бұл туралы бүгін осы мәселеге байланысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жойғыш ұшақ 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді. Апат себептерін анықтағанша бұл ұшақтарды пайдалану әзірге тоқтатылды», - деді ол.

Атап айтқанда, апат орын алған жерде іздестіру және тексеру жұмыстарын жүргізу қиынға түсуде.

«Аталған жерде жүріп-тұру ауыр болғандықтан, іздестіру жұмыстарын жүргізу қиынға түсуде. Яғни, ол жердің бір жағын су тоғандары алып жатса, екінші жағы - құмдақ. Көліктермен жүру қиындау болып тұр. Ұшқыштарды іздестіру жұмыстары тікұшақпен жүргізілуде. Алайда әуеден анықтау ауырлау. Сондықтан іздестіру шараларына байланысты барлық амалдарды жүзеге асырудамыз», - М.Уашпаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ұшқыштарды іздестіру жалғастырылуда. Бұл шараға армиялық авиацияның 4 тікұшағы, 10 іздестіру тобы (әр топта алты адамнан) жұмылдырылды. Су-27 ұшағының оқу-жаттығу ұшулары оқ-дәрісіз орындалған.

Хабарламаларға жазылу