ТМД елдерінің әуе күштері бірлескен оқу-жаттығу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдерінің әуе күштері бірлескен оқу-жаттығу өткізді

25.09.2015
ТМД елдерінің әуе күштері бірлескен оқу-жаттығу өткізді

Бүгін ТМД елдерінің әуе қорғаныс күштері бірін-бірі сүйемелдей отырып, дұшпанмен ұрыс жүргізудің тың тәсілдерін үйренді. Сарышаған полигонында өткен бұл оқу-жаттығу – шынайы соғысқа мейлінше жақындатылған форматта болды.

Сценарий бойынша - қай елге тиеселі екендігі белгісіз бірнеше ұшақ қазақтың әуе кеңістігін бұзып кіреді. Дұшпанға тойтарыс беру үшін, СУ-27, Су-25, Миг-31 секілді көліктер әуеге көтеріледі де, жауды қуып жетіп, аспанда бірнеше минутқа созылған ұрыс болады.

Жау жеңіліп, кері шегіне бергенде зенитшілер іске кірісті. Олар қарсыластың бірнеше ұшағын с-300 зымыранымен қағып түсірді. Дұшпан ұшақтары ешқандай мақсатын орындай алмаған күйі әуеде жанып кетті. Әскери ойынға 1200-дей сарбаз, 48 әуе көлігі, 6 зениттік-зымыран қатысты.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу