Бүгін Қазақ радиосының әуе толқынына сағат 12:35-те «Әйел бақыты» хабарының радио нұсқасы эфирге шығады.
Бүгінде қыз бен келінге қатысты сын, тыйым, тәрбие түрлері жетіп-артылады. Шаңырақтың берекесі, бірлігі осы келіннің жүріс-тұрысы арқылы бағаланған.
Қазіргі қоғамдағы қазақ келіні қандай болуы керек? «Әйел бақытында» бүгін осы мәселе талқыланбақ.
Хабар қонағы – филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Сәуле Тапанова. Қапы қалмаңыздар!