«Әйел бақыты» маусымды аяқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» маусымды аяқтайды

03.07.2015
«Әйел бақыты» маусымды аяқтайды

Жыл бойы «Әйел бақыты» студиясында айтылған сыр көп. Төгілген жас та аз болмады, талай жанның риясыз күлкісі қаншама?! Студияда қонақ болған әр тағдыр иесі – бір-бір оқиға, бір-бір өмір.

Олар хабарға қатысқан сарапшы мамандар және көрермендерден қолдау тапты,  өздеріне деген сенімділіктерін оятты, өмірге өзгеше көзқарас қалыптастырды.

Сол кейіпкерлердің қазіргі жағдайы қалай? Өмірлері қай арнаға бұрылды? «Әйел бақытының» көмегі тиді ме? Бастысы, олар әйел бақытын таба алды ма?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» маусымды аяқтамақ. Хабарға тақырыпқа арқау болған кейіпкерлер қайта келіп, өмірлеріндегі өзгерістермен бөліседі.

Хабарламаларға жазылу