Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Кролмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Кролмен кездесті

14.01.2018

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Кролмен кездесті. Бұл кездесу Назарбаевтың 16-қаңтарға жоспарланған АҚШ-қа ресми сапары алдында ұйымдастырылып отыр. Басқосуда қос елдің қазіргі қарым-қатынасынан бастап, Вашингтонда, Нью-Йоркта талқыланатын мәселелерге дейін сөз болды. Елбасы Дональд Трамппен бірге стратегиялық серіктестіктің басым бағыттарында, соның ішінде терроризмге қарсы күрес жүргізу, ядролық қаруды таратпау, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақты нығайту бағытында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын айтты.

Джордж Крол еліміздегі дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Назарбаевқа алғыс айтып, Президенттің алдағы сапары екі ел арасындағы байланысты одан әрі мықтай түсетініне сенім білдірді.

Хабарламаларға жазылу