Нью-Йоркта қаңғыбастар саны көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркта қаңғыбастар саны көбейіп келеді

28.10.2015
Нью-Йоркта қаңғыбастар саны көбейіп келеді
Нью-Йоркта қаңғыбастар саны көбейіп келеді

Нью-Йоркта пәтер жалдау құнының шарықтап кетуі, жалақының өспеуі, қол жетімді тұрғын үйдің болмауы, бірқатар азаматтардың баспана қарызын өтей алмауына байланысты, пәтерлерінен қуылуы қаңғыбастар санын күрт өсіріп жіберген.

Reuters агенттігінің таратқан деректеріне қарағанда Нью-Йорктағы қаңғыбастардың саны 57 мың 448 адамға жектен. Олардың 40 пайызы балалар болса керек.

Қаланың баспанасыздармен жұмыс бөлімінің ақпараттары бойынша қаңғыбастардың ішінде 23 мың бала бар. Шамамен 12 мың отбасы баспанасыздарға арналған орталықтарда өмір сүріп жатыр. Қаңғыбастарға көмектесіп жүрген түрлі ұйым өкілдері күн суытқан кезде осы орталықтарға келетін адамдар саны арта түсуі мүмкін екендігін айтады. Мәселен, 2014 жылдың желтоқсанында мұндай орталықтарға келген қаңғыбастардың саны 59 мың 68 адамға жеткен.

Жалпы, бұл орталықтарда әрбір қаңғыбастың паналауының ұзақтығы орташа есеппен 11 айды құраған. Бірақ, баласы бар отбасылар 14 ай, ерлі-зайыптылар шамамен 18 ай паналағаны белгілі болды. Жағдайды жалға берілетін пәтер құнының өсуі тіптен ушықтырып отыр. Нью-Йоркта 2002-2011 жылдар аралығында жалға берілетін пәтерлердің 39 пайызын тұрғындар босатуға мәжбүр болған.

Kaznews.kaztrk.kz

Фотолар Reuters агенттігінен алынды

Хабарламаларға жазылу