І «Жібек Жолы» Халықаралық фестивалі аясында «Аstana Ballet» өнер ұжымы философиялық-психологиялық «Әлем» балетін ұсынады.
Жер бетіне жету үшін адам жанының сынақтан қалай өткенін баяндайтын туынды 5 қазанда «Астана Опера» сахнасында қойылады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Қоюшы хореограф – мәскеулік Никита Дмитриевский. «Аталған балеттік спектакль әлемдік беталыс пен қазақтың би мәдениетінің дәстүрлі сарынының синтезін ажыратады», – дейді ол.
Көркемдік жетекшісі - Әлила Әлішева, бас балетмейстер – Айгүл Тати.
Басты партияларда: Назерке Ахмет, Зере Ысмайылова, Жібек Мешітбай, Аяулым Мақымова, Диана Бейсеғұлова, Нарғыз Ысқақова, Шырын Садырова, Әнел Балтенова, Риза Қанатқызы, Айнұр Сұлтанқожаева, Күмісай Сыдықбаева, Алтынай Сыдықбаева, Милана Бұқанова.