«Көркем» музыкалы-аспапты тобы ұлттық музыканы кеңінен насихаттауды мақсат тұтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көркем» музыкалы-аспапты тобы ұлттық музыканы кеңінен насихаттауды мақсат тұтады

23.09.2014
«Көркем» музыкалы-аспапты тобы ұлттық музыканы кеңінен насихаттауды мақсат тұтады

«Көркем» музыкалы-аспапты тобының құрылғанына бір жылдай уақыт болды. Квартет ұлттық музыканы кеңінен насихаттау мақсатында құрылған.

«Репертуарымызда 4 шығарма бар. Есбайдың  «Ақілме» атты күй бар. Сондай-ақ, шығыс әндеріне поппури, «Мұңайма» деген ән және «Аяулым» деген компазиция бар», дейді топ мүшесі Гүлшат Бекіш.

«Топтың жетекшісі жоқ. Репертуар мен сахналық киімді таңдауда өз талғамымызға жүгінеміз», - дейді өнерпаз қыздар.

Топ мүшелері домбыра, қобыз, прима-қобыз, сырнай секілді саз аспаптарын бірдей меңгерген.

Топтың өнерін «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.

Хабарламаларға жазылу