Алматыда ҚР Судьялар Одағы VІІ спартакиадасының финалдық ойындары өтті.
Жарысқа ҚР Жоғарғы соты және Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылдорда, Маңғыстау, Павлодар облыстық соттары қатысып, спорттың 7 түрінен сынға түсті.
Ұйымдастырушылардың пікірінше шараның судьялар қызметіне оң әсері мол.
Соттар арасындағы турнир ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қ.Ә. Мәмидің мұрындық болуымен 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді
pavlodarnews.kz