«Әбу Ханифа» және «Үш қоңыр» медреселерінің ұстаздары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы сараптауынан өтті. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлайды.
Медресе ұстаздарының біліктілік деңгейінің қызметіне сәйкестігі «фиһқ, ақида, тәжуид, араб тілі» пәндері бойынша анықталды.
Сараптаманы ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Сансызбай Шоқанов жүргізді.
Осыған дейін республикалық 9 медресенің ұстаздары сараптамадан өтіп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы бойынша қызмет етуде.
Сурет muftyat.kz сайтынан алынды