«Шарайнада» - Үнді елі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шарайнада» - Үнді елі

21.09.2014
«Шарайнада» - Үнді елі

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел.

Ол – терең тамырлы философияның, өзіндік ізгі рухани мол мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі.

Мумбай – Үнді  теңізіндегі Үндістанның басты айлағы және дүниежүзіндегі ең үлкен әрі жиі қоныстанған қалалардың бірі. Бүгінде Үндістанның экономикалық, қаржы, сауда, мәдениет және білім, сондай-ақ, кино индустриясының орталығы.

Бүгін 17.35-те «Шарайна» телесаяхатынан толығырақ көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу