Африканың бірнеше елі «Фредди» дауылынан зардап шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африканың бірнеше елі «Фредди» дауылынан зардап шегіп отыр

14.03.2023

Африканың бірнеше елі «Фредди» дауылынан зардап шегіп отыр. Бүгінде табиғат апатынан қаза тапқандар саны 60-тан асты. Бірнеше адам жоғалып кеткен. Жараланғандар да бар. Циклон екі мыңдай адам тұратын аумаққа соққы берген. «Фредди» дауылы 1,5 ай бұрын Үнді мұхитында көтерілген еді. Содан бері ол Африканың Малави, Мозамбик, Мадагаскар, Маврикий тәрізді елдеріне бірнеше мәрте соққы берген.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу