19 қыркүйекте Тараз қаласында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркімен біріге отырып инновациялық гранттарды ұсыну механизмдері бойынша семинар-кеңес өткізбек. Бұл туралы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтетін семинарға мүдделі тұлғалар, өнертапқыштар, ғалымдар, өз ісін ашамын деуші кәсіпкерлер және қатыспақ.
Семинар барысында Жамбыл облысының грант алушысы, «Инокс ЛТД» ЖШС директоры Борис Науменко тәжірибесімен бөлісіп, гранттық жоба туралы және оның коммерциализациясы жөнінде таныстырып өтпек. Кәсіпкер инновациялық грант алып, жаңа технология арқылы тот баспайтын құрыш бөлшектерін өңдеуді және өндіруді жолға қойып отыр.
Семинардың соңында «Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
Семинар қатысушыларына сертификаттар беріледі.