5 жылдан кейін интернеттегі сауда қазақстандық бөлшек сауда айналымының 5 пайызын құрайтын болады.
Алматыда қазақ интернетінің дамуы жөнінде өтіп жатқан жиында Қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкин осылай деді.
Оның айтуынша, 2013 жылы интернеттегі саудадан түскен пайда 600 миллион долларды құраған.
2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша kz доменінде 115 мың, қаз доменінде 800 есім тіркелген, 30-дан аса провайдер хостингтік қызмет көрсетеді.
«Қазнет-тің дамуында жеткен жетістіктер интернет пайдаланушылардың санын ұлғайтуға септігін тигізді. Бұдан бөлек, Қазақстан Wikipedia-дағы мақалалар саны бойынша 75 орынға көтерілді», - деді жиында сөз алған Қазақстандық IT- компаниялар қауымдастығының төрағасы Нұрлан Исин.