Ат тағалау сыры – «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ат тағалау сыры – «Таңшолпанда»

19.09.2014
Ат тағалау сыры – «Таңшолпанда»

«Арғымақтың аяғы

Айдай таға қағылса,

Кілегей мұздан таяр ма...». Мөңке би тағаланған атты осылай сипаттайды. Әдетте, алыс жолға немесе қыс мезгілінде мінуге алынатын аттарды тағалап жатады.

Қыстық таға жылқыны мұз бен тоңда тайдырмайды. Ал, жаздық таға – жалпақ таға деп аталады. Таға аттың тұяғын тас батудан сақтайды. Таулы жерде тасырқамай жүруге көмектеседі және тағаланған ат күйін де сақтайды.

Сырым Әбуов – атбегі. Біраз жылдан бері ат тағалап келеді. Әйгілі атбегі аттың бір тұяғын 4 минутта тағалап үлгереді екен.

«Тұяқ тегіс болуы керек. Аттың табанында жүрекше деген бар. Оны қатты алуға болмайды. Себебі, тасқа батып қалады.  Артығын ғана алып тастайды»,- дейді атбегі.

Тағалайтын күні жылқыны суаруға болмайды. Өйткені, шеге қаққанда, тұяғы жарылып кетуі мүмкін. Ең алдымен, аттың табаны кедір-бұдыр болса, жонып, егер маймақ немесе қара тұяқ өскен болса, тұяғын шотпен шауып тегістейді. Жан-жағын егеулеп түзулеп шығады. Ал табанның жүрекшесі кесілген болса, тұяғының астына жұмсақ зат салуға да болады.

Атты тағалаудың қыр-сырын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу