Қазақстандық ғалым барит минералын байыту технологиясын ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалым барит минералын байыту технологиясын ойлап тапты

18.09.2014
Қазақстандық ғалым барит минералын байыту технологиясын ойлап тапты

Тұйық кен орнында барит минералын байыту бойынша инновациялық жобаны енгізу - Қазақстанға тығыздығы рекордттық көрсеткішке ие концентратты экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. 

Көлемі бір шаршы метр болатын жаңа концентраттың салмағы 4,4 тоннаға жететінін КСРО ғылыми және инженерлік қоғамдары одағының алғашқы сыйлығының иегері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Александр Даниленко мәлімдеп отыр.

Ғалым Алматы облысында орналасқан Тұйық кен орнында барит минералын байытудың жаңа технологиясын ойлап тапты. Соның негізінде барит кенін өңдейтін жаңа тәжірибелік-өндірістік қондырғы жасалды.  

Ғалым ойлап тапқан қондырғыда тығыздығы рекордтық көрсеткішке ие концентрат алынған. Ондағы сульфаттың мөлшері 98 пайызды құрайды.

Айта кетейік, Барит минералы оптикалық приборларға, қатты шыны, қағаз, бояу жасауға және тағы басқа да салаларда қолданылады. 

 

 ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу