Алматыда Дүниежүзілік автокөліксіз жүру күні қарсаңында билет құны екі есе арзандайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Дүниежүзілік автокөліксіз жүру күні қарсаңында билет құны екі есе арзандайды

18.09.2014
Алматыда Дүниежүзілік автокөліксіз жүру күні қарсаңында билет құны екі есе арзандайды

22 қыркүйекте, яғни Дүниежүзілік автокөліксіз жүру күнінде автокөлігі бар адамдарға бір күнге өздерінің жеке көліктерімен емес, қоғамдық көлік, велосипед немесе жаяу жүруге ұсыныс жасалады.

Осы шараға байланысты 22-ші қыркүйекте Алматы қаласында метрода және қоғамдық көлікте жүру құны 50 пайызға арзан болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасы.

Автокөліксіз жүру күні 1997 жылы Англияда бастау алып, бір жылдан кейін Францияда жалғасын тапқан. Сол кездері бұл күнді 20 шақты қала тойлайтын. 2001 жылы бұл қозғалысқа ресми түрде 35 елдің қаласы қосылды. Бұл күні автокөліктен қойып, трамвай, троллейбус, метро мен басқа да қоғамдық көлікпен, сонымен қатар, велосипед пен жаяу жүру қажет.

Фото: forchel.ru

Хабарламаларға жазылу