Microsoft Windows 10 жүйесін таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Microsoft Windows 10 жүйесін таныстырды

01.10.2014
Microsoft Windows 10 жүйесін таныстырды

Microsoft компаниясы кеше компьютер, ноутбук, планшет және смартфондарға арналған жаңа Windows 10 операциялық жүйесін таныстырды. Ал, бұл жүйенің соңғы нұсқасы келесі жылы дайын болмақ.

Microsoft өкілдері Windows 8 жүйесінен соң бір сан тастап, Windows 10 жүйесін шығарғанды жөн көріпті. Windows-тың кезекті «тоғыздығын» шығырғанымызбен, қазіргі уақытқа ілесе алмас едік, дейді компания өкілдері.

«Windows 10 жүйесі қажет құрылғыны керек уақытта тауып беріп, керек тәжірибемен қамтамасыз ете алады», - дейді Microsoft операциялық жүйесінің атқарушы вице-президенті Терри Майерсон.

hitech.vesti.ru

Хабарламаларға жазылу