«Жапонияның сұлулық әлемі» көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жапонияның сұлулық әлемі» көрмесі ашылды

17.09.2014
«Жапонияның сұлулық әлемі» көрмесі ашылды

Қыркүйектің 23-де елордадағы Тұңғыш Президент музейінде жапондық суретші Томоко Хоукёның «Жапонияның сұлулық әлемі» атты жеке көрмесі ашылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды.

Экспозиция «Мәдени үндесу» халықараралық жобасы аясында тарихи сабақтастық, Қазақстандағы Жапония елшілігімен көп жылғы табысты еңбектің арқасында ұйымдастырылған.

Томоко Хоукё - жапондық классикалық кескіндеменің ізбасары және дәстүрлі жапон көркемөнер мектебінің мирасқоры.

Сонымен қатар, қыркүйектің 24-де қылқалам шебері музей жанындағы бейнелеу өнері студиясының оқушыларына арнап шеберлік сағатын өткізеді.

Хабарламаларға жазылу