Астанада суретші Елена Тёнің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада суретші Елена Тёнің көрмесі ашылды

15.03.2014
Астанада суретші Елена Тёнің көрмесі ашылды

Астаналықтар үшін керемет тарту. «Шежіре» қазіргі заман өнер мұражайында талантты суретші Елена Тёнің көрмесі ашылды.

 
Пейзаж - Еленаның болмысына жақын жанр. Ол бейнелеген көркем дүниелерде сұлулық әлемінің табиғатпен үйлесімі, ортаның көңіл- күйі шеберлікпен суреттеледі.
 
17-18 ғасырдағы еуропалық суретшілердің еңбегін зерделеу  Елена Тёнің шығармашылығын шыңдай түсті. Қылқалам шеберінің өнерін тамашалаймын деген көпшілік үшін көрме сәуір айының жетісіне дейін жалғасады.
 
 
Нұргүл  САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу